×

Ақтөбеде демалыс базасында қайғылы жағдай болды: 40 жастағы әйел көз жұмды

Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болды.

 Халық үні 28.01.2023 | 22:46
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде оқыс оқиға болды. Демалыс базасында қарда жүретін көлік руліне мектеп оқушысы отырып, ол бірнеше адамды қағып кетті. Салдарынан 40 жастағы әйел көз жұмды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 15:30-да «Тау» демалыс базасының аумағында болды. 2007 жылы туған ақтөбелік жасөспірім қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кетті.

«Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болды. Ал 49 жастағы ер адам мен кәмелетке толмаған бес бала, оның ішінде бір жасар бала медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, рульде отырған мектеп оқушысы болып шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02