Риддерде мас әйел баласын балконнан құлатып алды
Қолында 2 жасар баласы бар әйел құлыптаулы үйінен балкон арқылы шықпақшы болыпты
Халық үні
28.01.2023 | 20:45
Бұл жағдай Риддерде болған, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.
Қолында 2 жасар баласы бар әйел құлыптаулы үйінен балкон арқылы шықпақшы болыпты. Алайда, сәби оның қолынан түсіп кеткен.
«Үшінші қабаттан жерге түскен бүлдіршін ауыр жарақат алды. Қазір ауруханада», - деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Әйел мас күйде болғаны расталды.