Halyq Uni логотип
×

Ақтау тұрғыны оқушы баласының зорланғанын айтып, полицияға арыз түсірді

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде 

 Халық үні 27.01.2023 | 19:55
Ақтау тұрғыны оқушы баласының зорланғанын айтып, полицияға арыз түсірді
фото: ашық дереккөзден

Ақтау қаласының тұрғыны полицияға баласына сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасалды деп шағымданды. 

2023 жылдың 26 қаңтарында Ақтау қаласы Полиция басқармасына өзінің жасөспірім баласына қатысты сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасалды деген күдікпен 35 жастағы азаматша жазбаша арыз түсірді.

«Бұл дерек ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігі бойынша Ақтау қаласы СДТБТ-де тіркелді. Барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Сондай-ақ сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген полиция хабарламасында.11

Серіктес жаңалықтары

Сараптама