×

Қостанай облысында құрдасын тонаған жігіт ұсталды

Жәбірленушіге ұрланған заттар қайтарылды

 Дәурен Ерболат 27.01.2023 | 17:57
Фото: time.kz

Қостанай облысында полиция құрдасын тонаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

25 қаңтарда Жітіқара қаласының полиция бөліміне жас жігітті тонап кеткені туралы арыз түскен.

Күдікті көшеде 20 жастағы жігітке күш қолданып, IPhone 11 телефонын, құлаққап пен қолма-қол ақшасын тартып алған. Содан кейін ол қашып кеткен, - деп жазылған хабарламада.

30 минуттан соң полиция ұрлық жасаған 21 жастағы жігітті ұстады. Оның бұрын осындай қылмыс үшін жауапқа тартылғаны анықталды.Ұрланған заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі («Тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама