×

Парашаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында үшінші медалін иеленді

Ол бір алтын, екі қола жүлде жеңіп алды

 Дастан Жұмабекұлы 27.01.2023 | 17:25
фото: ашық дереккөз

Парашаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында парабиатлоннан 12,5 қашықтықты 41 минут 37,9 секундта жүріп өтіп, мәреге үшінші болып келді. Осы нәтижемен ол қола жүлдеге ие болды.

Жарыста АҚШ спортшысы Арон Пайк 41 минут 26,8 секунд уақытта мәреге бірінші болып жетсе, Германия спортшысы Скот Минах 41:32,9 уақытымен екінші орынды иеленді.

Бұған дейін Ербол Хамитов әлем чемпионатында парабиатлоннан 7,5 қашықтықта қола, ал спринт жарысында алтын медальді жеңіп алған болатын.

Парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында болып жатыр. Ол 21 каңтар күні басталған. 29 қаңтарда соңғы жарыстары болады.

Жарысқа 18 мемлекеттен 102 спортшы қатысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама