Египетте ең көне мумия табылды
Ол Саккардағы сатылы пирамиданың жанындағы қабірдің 15 метрлік шахтасынан шықты
Зерттеушілер Египеттің астанасы Каир қаласының маңынан ежелгі қабірді тапты. Археологтардың айтуынша, қабірде ең көне әрі ең жақсы сақталған мумия болуы мүмкін.
Мумия 4 300 жыл өмір сүрген бесінші және алтыншы династияға тиесілі делінеді. Ол Саккардағы сатылы пирамиданың жанындағы қабірдің 15 метрлік шахтасынан табылған.
Археологиялық топтың жетекшісі Захи Хавасстың айтуынша, Гекашепес есімді ер адамның мумиясы ерітіндімен мөрленген әктас саркофагында жатқан.
Бұл мумия Египетте осы уақытқа дейін табылған ең көне және ең «толық» мумия болуы мүмкін, – деді Захи Хавасс.
Бұдан басқа қабірлерден бесінші әулеттің соңғы перғауыны Унастың тұсында ақсүйектердің бақылаушысы және діни қызметкер болған Хнумджедефтің қабірі табылды. Қабір күнделікті тұрмыс-тіршілікті бейнелейтін суреттермен безендірілген.
Тағы бір қабірде «құпияларды сақтаушы және сарайдың ұлы көсемінің көмекшісі» Мәриямның мумиясы болып шықты.
Қабірлердің арасынан көптеген мүсін табылды. Оның бірінде ер адам мен оның әйелі, олардың бірнеше қызметшісі бейнеленген.