Halyq Uni логотип
×

Бүгіннен бастап шетелдік нөмірлі көліктер техникалық тексеруден өте алады

1815 техникалық тексеру орталығы жұмыс істеп тұр

 Дастан Жұмабекұлы 27.01.2023 | 13:16
Бүгіннен бастап шетелдік нөмірлі көліктер техникалық тексеруден өте алады
фото: ашық дереккөз

27 қаңтардан, яғни бүгіннен бастап міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы еліміздің барлық жерінде шетелдік автокөліктерге техникалық тексеруден өту мүмкіндігін қамтамасыз етті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Бүгіннен бастап шетелдік нөмірлі автокөліктің иелері немесе жүргізушілері кез келген 1815 техникалық тексеру орталығында міндетті техникалық байқаудан өте алады. Орталықтардың мекенжайлары мен жұмыс уақыты ведомствоның miid@miid.gov.kz сайтында (құжаттар бөлімінде) жарияланған тізімде көрсетілген, –  делінген хабарламада.

Былтыр 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойылған еді.

Соған сәйкес «Жол қозғалысы туралы» Заңында қарастырылған 88-баптың 1-бөлігіне басқа мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген немесе кірген сәтттен бастап, 90 күнтізбелік күннен асқан бойда міндетті техникалық байқаудан өткізілуіне байланысты толықтырулар енгізілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама