Америкалықтар ұшақтарды реэкспорт жасау арқылы жеткізіп бергісі келеді
Америкалық F-16 соғыс истребительдерін өндіруші Lockheed Martin компаниясы Украинаға өз ұшақтарын беруге әзір. Бұл туралы Financial Times хабарлады.
Компания мұны соғыс әуе лайнерлерін Еуропа одағы елдеріне беріп, одан Украинаға реэкспорт жасау арқылы жеткізіп бергісі келеді. Компанияның бас операциялық директоры Фрэнк Сент-Джонсон Financial Times газетіне берген сұхбатында осылай деді.
Оның айтуынша, Украинаға жеткізу үшін F-16-ны үшінші тарапқа беру жайында көп әңгіме болған. Сөйте тұра, Lockheed Украинаға соғыс ұшақтарын беру ықтималдығы жөніндегі келіссөзге қатыспайды.
Алайда компания болып жатқан жанжалды шешуге көмектесу үшін үшінші тараптарға ұшақтар беруді жүзеге асыратын кез келген елге тиімді қолдау көрсете алатын деңгейге жеткенге дейін Гринвилде (Оңтүстік Каролина) F-16 өндіруді арттыра түсуге ұмтылып жатыр, – деді Сент-Джонсон.
Financial Times-тың хабарлауынша, Еуропа одағы бұл ұсынылып отырған сызбаны Киевке соғыс авиациясын берудің тағы бір жолы деп есептейді. Америкалық ұшақтар енді бұрынғы Варшава келіссөзінің мүшесі болған елдердің біріне жіберілуі мүмкін. Сосын олар Украинаға өздерінің кеңестік өндірістен шыққан ұшақтарын ары қарай жөнелте алады.
Соғыстың ең басында Польша өзінің сондай ұшақтарының бірі – МиГ-29 истребительдерін беруді ұсынған болатын. Бірақ поляк қарулы күштері өз елдеріне мұның орнына F-16 истребителін беруді сұрады.
Ал Нидерланд Сыртқы істер министрі Вопке Хукстра өткен аптада өз елінің Украинаға кез келген нұсқа бойынша F-16-ны жөнелте беретінін мәлімдеді. Қазір бұл елде сондай 40 истребитель бар. Нидерланд осылардың бәрін беріп жіберіп, олардың орнына соңғы модификациядағы F-35-ті алғысы келеді.