Түрмеде терроризмді насихаттаған ер адам сотталды
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде терроризмді насихаттау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 5 қаңтарда Орал қаласының №2 соты сотталушыны ҚР ҚК-нің 256-бабы 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырды.
Сотта анықталғандай, ер адам 2020 жылдан бері түзету мекемесінде жазасын өтеу кезінде қамаудағылар арасында радикалды идеологияны таратып келген.
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденіп, сот шешімі заңды күшіне енді.