Halyq Uni логотип
×

УЕФА Суперкубогының финалы Ресейде өтпейтін болды

Матч Афинада өтеді

 Дастан Жұмабекұлы 27.01.2023 | 09:58
УЕФА Суперкубогының финалы Ресейде өтпейтін болды
фото: ашық дереккөз

Еуропаның футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) биылғы жылғы Еуропа суперкубогы Ресейде өтпейтінін ресми түрде мәлімдеді.

УЕФА-ның Атқарушы комитеті Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпазы арасындағы матч Татарстанның астанасы Қазан қаласынан Грекияның астанасы Афинада болатынын хабарлады.

Еуропа суперкубогы үшін ойын 16 тамызда «Олимпиакос» клубының стадионы «Георгиос Карайскакис» алаңында өтеді.

2020 жылы 2 наурызда Амстердамда өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысынан кейін Қазан қаласы УЕФА Суперкубогы финал кездесуін өткізу құқығын жеңіп алған еді. Бұған дейін Ресейде бұрын-соңды УЕФА Суперкубогының матчы өткен емес.

УЕФА Ресейдің Украинаға қарсы соғысынан кейін ресейлік клубтар мен ерлер және әйелдер ұлттық құрамаларының жарыстарға қатысуын уақытша тоқтатты. Сол себепті, Санкт-Петербург былтыр 28 мамырда УЕФА Чемпиондар лигасының финалын өткізу құқығынан айырылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама