Қалада жаңа зауыт іске қосылады
Бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Шымкентке барады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкімет басшысы бірқатар ірі өнеркәсіптік нысанның қызметімен, өңірлік сауда-логистикалық хаб жобасымен және «Іскер қала» кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысады.
Сондай-ақ премьер-министр әйнек конструкцияларын өңдеу және өндіру зауытын іске қосуға қатысып, әлеуметтік нысандар құрылысын тексереді деп күтіліп отыр.