Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді

Халық үні

Қазақстандық боксшылар 20 медаль (5 алтын, 3 күміс, 12 қола) жеңіп алды

Фото: aikyn.kz

Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгі жастар арасында өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.

Біріншілік қорытындысы бойынша, қазақстандық боксшылар 20 медаль (5 алтын, 3 күміс, 12 қола) жеңіп алды.

Медальдар есебінде Өзбекстан боксшылары 21 медальмен (14 алтын, 4 күміс, 3 қола) көш бастаса, үздік үштікті Таиланд құрамасы (3 алтын, 4 күміс, 2 қола) түйіндеді.

Жалпыкомандалық есеп:

1. Өзбекстан — 14-4-3

2. Қазақстан — 5-3-12

3. Таиланд — 3-4-2

4. Моңғолия — 1-4-4

5. Филиппин — 1-1-2

6. Қытай — 0-4-1

7. Вьетнам — 0-1-3

8. Непал — 0-1-3

9. Индонезия — 0-1-1

9. Камбоджа — 0-1-1

11. Қырғызстан — 0-0-7

12. Тәжікстан — 0-0-3

13. Сингапур — 0-0-1

13. Индонезия — 0-0-1

13. Малайзия — 0-0-1.