×

Ақмола облысында әйел жаңа туған сәбиді пешке тастап, өртеп жіберген

Келіншек жүктіліктің 24 аптасында үйінде қан кетіп, түсік тастаған

 Халық үні 26.01.2023 | 20:50
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында 33 жастағы әйел шетінеп туған баласын пешке өртеп жіберген. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады ҚР ІІМ.

Оқиға Макинск қаласында 24 қаңтар күні болған. Екі күн өткен соң аудандық аурухананың дәрігері медициналық тексеру кезінде әйелдің түсік тастағанын байқаған. Содан дереу полицияға хабарлаған.

Ведомствоның хабарлауынша, келіншек жүктіліктің 24 аптасында үйінде қан кетіп, түсік тастаған. Дүниеге шетінеген бала келген. Тергеу кезінде әйел нәрестенің мәйітін жанып тұрған пешке өртеп жібергенін айтқан.

«Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02