Барлық қызметті бір жерден алуға болады
Елордада супер халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ХҚКО-дағы мемлекеттік қызмет көрсетудің клиенттік тәжірибесі негізінде біз азаматтар ХҚКО-дан тиісті қызметті алғасын БЖЗҚ, коммуналдық кәсіпорындар, әкімдіктер және тағы басқа инстанциялардың табалдырығын тоздыратынын түсіндік. Сондықтан азаматтар мәселесін бір жерде шешуі үшін бәрін бір ғимаратқа шоғырландырғымыз келеді.
Бүгінде біз Астана әкімдігімен азаматтарға жайлы әрі сапалы қызмет көрсететін супер ХҚКО болады деген келісімге келдік», - деді Бағдат Мусин.