Мәлімет берген азаматтарға анонимділікке кепілдік беріледі
Жамбыл облысы бойынша есірткі қылмысына қатысы бар азаматтардың тізімі жарияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Толығырақ айтқанда, Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласында қылмыс жасаған іздеуде жүрген қылмыскерлердің тізімін жариялады.
Сондай-ақ ПД азаматтардан іздеуде жүрген адамды анықтаған немесе оның ықтимал орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса, «102» нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.
Анонимділікке кепілдік беріледі.