×

Адам азаптау: ҰҚК-нің үш қызметкері қамауға алынды

Олар 2 ай қамауда отырады

 Дәурен Ерболат 26.01.2023 | 13:55
Фото: Коммерсантъ

Сот Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін қамауға алуға рұқсат берді, деп хабарлады Астана қаласы сотының баспасөз қызметі.

2023 жылғы 25 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Еркін Аманов, Хамит Абдуғали, Қайрат Сартаевты 2 ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, – деп жазылған хабарламада.

Басқа деректер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Бұған дейін БАҚ-та жарияланған ақпаратқа сәйкес, ҰҚК қызметкерлері Еркін Аманов, Хамит Абдуғали, Қайрат Сартайдың үстінен арыз түскен. Оны сотталған адамның туысы жазған. Оның айтуынша, Астанадағы тергеу изоляторларының бірінде аталған үш қызметкер «қажет айғақтарды алу» үшін адамдарды азаптаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама