Halyq Uni логотип
×

«Әр аумақтан кемінде 100-ден аулануы керек». Мамандарға киікті атуға тура келіп тұр

Әзірге 1 815 бас ақбөкенді атуға рұқсат сұралды

 Еркеғали Болатұлы 26.01.2023 | 13:33
«Әр аумақтан кемінде 100-ден аулануы керек». Мамандарға киікті атуға тура келіп тұр
фото: azh.kz

Елімізде киік аулауға рұқсат берілетін болды. Бірақ оны кім көрінген оңды-солды қыра бермейді. Ақбөкендерді тек ғылыми зерттеу жүргізу үшін ғана аулауы мүмкін.

Қазір бұл жобаны Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қоғамдық талқылауға шығарып отыр.

Негізі киік аулау үшін еліміздің төрт өңірі таңдалған. Әзірге 1 815 бас ақбөкенді атуға рұқсат сұралды. Қарағанды мен Ақмола даласынан 700 бас, ал Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарынан 200 бастан ауланады.

Алайда мамандар түз жануарларының етін жеп, мүйізін пайдалануға ешкімнің хақысы жоқ деп отыр. Ақбөкендерді атқан бойда, өлексесі ветеринарлық, жұқпалы ауруларды зерттейтін институттарға жеткізіледі. Ондағы ғылыми қызметкерлер ғана сынама алып, пайдаланады.

Тым аз көлемде ауланады. Бұл зерттеу жұмысына қажет. Киіктердің көбеюін, денсаулығын, қандай індетпен ауырады немесе жұқтырған ауруы бар ма, соны анықтайды. Бір-ақ бас киіктен ондағы үйірдің жағдайын білу мүмкін емес. Сондықтан бір аумақтан кем дегенде 100-ден аулануы керек, - дейді М. Өтемісов атындағы БҚУ ғылыми қызметкері Михаил Шпигельман.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама