Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Түркістан облысында полиция кәмелетке толмаған қызды алып қашқан жас жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оның үстінен Шымкент тұрғынынан арыз түскен.
Бұл дерек бойынша Жетісай ауданының ПД Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша («16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау») сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - деп жазылған хабарламада.
Полицейлер қыздың танысына тұрмысқа шыққанын анықтады. Алайды оның Шымкентте тұратын анасы мұнымен келіспеген.
Ол баласын жас жігіттің үйінен Шымкентке алып кетті. Бұл дерек бойынша сараптама тағайындалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деді полиция өкілдері.