Оған алғаш рет жеке куәлік берілді
Қытайда туған қария Қазақстан азаматы атанды, деп хабарлады Polisia.kz.
Ақмола облысы ПД Көші-қон қызметінің мәліметінше, 74 жастағы Николай Трубниковке алғаш рет жеке куәлік берілді. Ол солтүстік Қытайдағы Маньчжурия қаласында дүниеге келген.
2016 жылдан бастап зейнеткер Көкшетаудағы әлеуметтік бейімдеу орталығында тұрады. Оған ресми түрде Қазақстан азаматтығы берілді.
Николай Трубников Қытайдан келгенде төлқұжат алған. Алайда кейін оны жоғалтқан.