×

Жақып Асанов жаңа қызметке тағайындалды

Бұған дейін ол депутат атанған

 Дәурен Ерболат 26.01.2023 | 11:33
Фото: Қазақстан президентінің баспасөз қызметі

Сенат төрағасының орынбасары қызметіне депутат Жақып Асанов тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сондай-ақ Парламенттің жоғарғы палатасы комитеттерінің төрағалары сайланды:

  • Нұртөре Жүсіп – Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы;
  • Сүйіндік Алдашев – Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы;
  • Сұлтанбек Мәкежанов – Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы;
  • Әли Бектаев – Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы;
  • Асқар Шакиров – Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  • Андрей Лукин – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы.

Бұған дейін Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып қайта сайланған еді.

Айта кетейік, Жақып Асанов 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заң ғылымдарының кандидаты.

1985-1986 жылдары Қызылорда облысының прокуратура органдарында облыс прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі және облыстық прокуратурада бөлім бастығы болды.

1993-1994 жылдары – Бас прокуратура Жалпы қадағалау басқармасының аға прокуроры, Бас прокуратура Жалпы қадағалау басқармасы Банктер, қаржы-несие қатынастары туралы және тексеру органдарындағы заңнаманың сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы.

1994-1996 жылдары – Президент әкімшілігінің Заңдылық, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі.

1996-1997 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары.

1997-2001 жылдары – Бас прокурорының аға көмекшісі – Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, бастығы, Бас прокуратураның Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.

2001-2002 жылдары – Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.

2002-2003 жылдары – Павлодар облысының прокуроры.

2003-2005 жылдары – Әділет вице-министрі.

2007-2012 жылдары – Мәжіліс депутаты.

2012-2017 жылдары – Бас прокурордың орынбасары, бас прокурор.

2017-2022 жылдары – Жоғарғы соттың төрағасы.

2023 жылы қаңтарда Сенат депутаты болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама