Halyq Uni логотип
×

Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып қайта сайланды

Жақып Асанов Сенат төрағасының орынбасары болды

 Халық үні 26.01.2023 | 11:20
Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып қайта сайланды
Фото: akorda.kz

Парламенттің жоғары палатасының депутаттары жасырын дауыс беру кезінде бірауыздан Сенат төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын мақұлдады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынған болатын.

Мәулен Әшімбаев 1971 жылғы 28 қаңтарда Алматыда туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Тафтс университетінің Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (АҚШ) бітірген. Экономист - политэкономия мұғалімі, халықаралық қатынастар магистрі. Саяси ғылымдар кандидаты.

Әр жылдары (2006-2011) Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2012 жылғы қаңтар – 2018 жылғы ақпан аралығында V, VI шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

2018 жылғы ақпан – 2019 жылғы маусым аралығында – «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары. 2019 жылғы шілде – желтоқсан айларында – ҚР президентінің көмекшісі. 2019 жылғы желтоқсан - 2020 жылғы мамыр аралығында – ҚР президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

2020 жылдың мамырында Қазақстан президентінің жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалды, VI шақырылымдағы Сенатының төрағасы болып сайланды.

2023 жылы қаңтарда Президент жарлығымен Сенат депутаты болып қайта тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама