×

Балаларды өрттен құтқарған ҰҚК қызметкері марапатталды (ВИДЕО)

Ол жанып жатқан жер үйден екі баланы алып шыққан

 Дәурен Ерболат 26.01.2023 | 10:30
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ақмола облысы Сарыкөл ауылында өрттен екі баланы құтқарған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Әділхан Қазыбай марапатталды, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға 22 қаңтарда Целиноград ауданының Сарыкөл кентінде болды. Әділхан Қазыбай өз өмірін қатерге тігіп, жанып жатқан жер үйден екі баланы алып шықты, – делінген хабарламада.

25 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппаратында ҰҚК әскери қызметшісі Әділхан Қазыбайды марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы да қатысты.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен балаларды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Әділхан Қазыбай «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ әскери қызметшіге ҰҚК төрағасы атынан да бағалы сыйлық табысталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама