Halyq Uni логотип
×

Байқоңырда қарулы адам полицейді өлтірмек болған

Ер адам өз кінәсін мойындамаған

 Халық үні 25.01.2023 | 22:52
Байқоңырда қарулы адам полицейді өлтірмек болған
фото: ашық дереккөзден

Байқоңырда қарулы адам полицейді өлтірмек болған. Бұл туралы жергілікті прокуратура мәлім етті. 

Оқиға 2022 жылдың 5 желтоқсанында болған.

Тергеу 2022 жылғы желтоқсанда бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған шабуылшы «Лемар» дәмханасына келіп, атыс қаруымен жәбірленушіге екі рет оқ атқанын анықтады. Алайда дәмханаға келушілердің белсенді әрекетінің арқасында полицейге оқ тимеген, - делінген ведомство сайтында.

Сонымен қатар, тергеу барысында ер адам өзінің қызметтік міндетін атқарып отырған полиция қызметкерін көпшілік алдында балағаттаған.

Қазір ол қамауда. Ресей ІІМД «Байқоңыр» кешеніндегі уақытша ұстау изоляторында отыр, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ер адам өз кінәсін мойындамаған. Дегенмен прокурор жинаған дәлелдеме базасы жеткілікті болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама