×

ШҚО-да із-түзсіз жоғалып кеткен 50 адам іздестірілуде

Оның ішінде Өскемен қаласында – 20 адам

 Халық үні 25.01.2023 | 21:41
Фото: tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалып кеткендер тізімінде 50 адам тұр, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. 

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша із-түссіз жоғалып кеткендер тізімінде 50 адам тұр.

Оның ішінде Өскемен қаласында – 20 адам.

«Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Күн сайын тәртіп сақшыларына жедел деректер беріліп отырады. Жоғалып кеткендер арасында кәмелеттік жасқа толмағандар жоқ», - делінген ақпаратта.

Өткен жылы өңір бойынша із-түзсіз жоғалған 156 азамат іздестіріліп, 106-сы табылған.

Оның ішінде 91 адам аман-есен, ал 15-інің мәйіті табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама