×

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолға шыққан жүргізуші жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Ол тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған

 Дәурен Ерболат 25.01.2023 | 17:55
Фото: azattyk.org

Түркістан облысында полиция ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолға шыққан жүргізушіні жауапқа тартты, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиға жыл басында Балқаш – Алматы тас жолында болды. Түркістандық жүргізуші ауа райының қолайсыздығына әрі полицейлердің ескертуіне қарамастан жолға шыққан.

Түркістан тұрғынына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша («Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің (әскери қызметшінің) заңды өкіміне немесе талабына бағынбау») әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Құқық бұзушыға 72 мың теңге айыппұл тағайындалды, – делінген хабарламада.

Полицейлер жүргізушілерді жол ережесін сақтауға, қолайсыз ауа райында жолға шықпауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама