×

Елбасы көмекшісін қызметінен босатты

Данияр Ақышев 2015-2019 жылдары Ұлттық банкті басқарды

 Халық үні 18.03.2022 | 16:08
Данияр Ақышев, фото: sputnik

Елбасының шешімімен Данияр Ақышев Қазақстанның тұңғыш президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.

Данияр Ақышев 1976 жылғы 25 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. Еңбек жолын Орталық Азия қор биржасында маман ретінде бастады.

1996 – 2003 жылдар аралығындағы кезеңде ұлттық банктің зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003 – 2007 жылдары аталған департаментті басқарды.

Айта кетсек, Ақышев 2015 жылдың қарашасынан 2019 жылдың ақпанына дейін Ұлттық банктің төрағасы болды. 

2019 жылдың сәуірінен бастап бүгінге дейін Елбасы көмекшісі лауазымын атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама