×

Боранбаев ұсталды: Вакцина өндірісі үшін ҚФК-ға қанша ақша жұмсалды?

2021 жылы жалпы вакцина сатып алу үшін бюджеттен 88 млрд теңге бөлінген

 Ербол Тұрымбет 18.03.2022 | 15:54
коллаж: Halyq Uni

Бүгін үкімет отырысынан кейін журналистер Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттан Қайрат Боранбаевтың ұсталуына байланысты Қарағанды фармацевтикалық кешенінде «Спутник V» вакцинасын өндіру жұмысы әрі қарай қалай жүзеге асатынын сұрады.

Ведомство басшысы Қарағанды фармацевтикалық кешені жекеменшік компания екенін айтып, оған Денсаулық сақтау министрлігінің еш қатысы жоғын жеткізді. Министрің айтуынша, компания ведомство алдындағы жауапкершілігін толық орындаған.

Ажар Ғиният Қарағанды фармацевтикалық кешеніне бөлінген қаражат туралы сұраққа нақты жауап бере алмады.

«Қазір қолымда кешенге бөлінген қаражаттың көлемі туралы ақпарат жоқ. Жалпы ақпаратты айтсам, 2021 жылы жалпы вакцина сатып алу үшін бюджеттен 88 млрд теңге бөлінген, оның ішінде 63 млрд теңге «Сптуник V» вакцинасын алуға, QazVac вакцинасын сатып алуға 5,9 млрд теңге, CoronaVac сатып алу үшін 3,5 млрд теңге және Sinopharm вакцинасын сатып алу үшін 15 млрд теңге бөлінген», - деп жауап берді министр.

Қарағандының фармацевтика кешені (ҚФК) 2005 жылы құрылған. 2017 жылы кешен қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың жартылай иелігіндегі «НеоТекФарм» компаниясына өткен.

Еске салайық, 17 наурызда Қаржылық мониторинг агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қайрат Боранбаев ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«22 градус аяз болады»: синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қазгидромет»  РМК Қазақстанда 30 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды
30.03.2023 | 08:05

Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісі: соққыға жығылған заңгер ерлі-зайыпты мәлімдеме жасады

Адвокат Анна Дмитриевич Дәулет Тұрлыхановтың сөзін жоққа шығарды
30.03.2023 | 07:45

«Артында 3 баласы қалды»: Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеген ер адам көз жұмды

Ер адам айна жасайтын зауытта жұмыс істеген
30.03.2023 | 06:05

Ақтөбедегі қанды оқиға: марқұмдардың туысы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Енесі қаралы хабарды таң ата тәртіп сақшыларынан естігенін айтады
30.03.2023 | 01:44