×

Мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды

Ол Тараз қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 25.01.2023 | 14:46
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

24 қаңтарда сағат 20:00 шамасында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысының ҰҚКД-мен бірлесіп, 35 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Ер адам 2018 жылдан бері Өзбекстан Республикасы ҚК-нің 216-бабы 1-бөлігімен («Кәмелетке толмаған адамды заңсыз қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың қызметіне қатысуға итермелеу») көзделген қылмысты жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.

Ұсталған қылмыскер Тараз қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол ары қарай Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Боксшы әлем чемпионы атағын екінші рет 13 мамырда АҚШ-та қорғайды
30.03.2023 | 14:07

Серік Қүдебаев сотқа мәжбүрлеп жеткізілетін болды

Бұрын Алматы облысы полициясын басқарған Күдебаев қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған еді
30.03.2023 | 13:51

Түркия парламенті Финляндияның НАТО-ға мүшелігіне дауыс береді

Осы аптада Скандинавия елі Солтүстік Альянсқа қосылады
30.03.2023 | 13:30