×

Пойыз апатынан жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 25.01.2023 | 11:28
Коллаж: Halyq Uni

Екібастұз қаласының маңында электровоз бен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 24 қаңтарда сағат 17.10 шамасында Лесхоз ауылының маңындағы №7 шлагбаумы жоқ күзетілмейтін темір жол өткелінде 49 жастағы жүк тиегіш машинисі электровозбен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына жүк тиегіш, депоға электровоз қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама