Шаршы алаңға Жасмин Кизатова мен Гүлсая Ержан көтеріледі
Таиландтың астанасы Бангкок қаласында бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына Қазақстан қыздар құрамасынан 2 боксшы шықты.
Финалда 70 келі салмақта Жасмин Кизатова өзбекстандық Азиза Зориковамен, 81 келіде Гүлсая Ержан алаң иесі Порнипа Чутимен күш сынасады.
Финал 25 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.
Бұған дейін хабарланғандай, Азия чемпионатының финалына ерлер құрамасынан 6 боксшы шыққан болатын. Олар – Санжар Тәшкенбай (48 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Абзал Серік (67 кг), Сабыржан Аққалыков (71 кг) пен Диас Молжігітов (75 кг).
Финалда 4 отандасымыз Өзбекстан құрамасының былғары қолғап шеберлерімен қолғап түйістіреді.