×

Тұрғындарға көмір жеткізудің жаңа тетігі әзірленеді

Басы артық делдалдарды айналып өту мәселесін пысықтау қажет

 Динара Амантай 25.01.2023 | 09:31
Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайылов кен-металлургия компаниялары қызметінің өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жиынға қатысушылар Қазақстан аумағындағы газ саласында Eurasian Resources Group-тың («Еуразиялық топ» ЖШС) жаңа инвестициялық жобаларын іске қосу жоспарларын, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымын дамыту жобаларын талқылады. Сонымен қатар кеңесте ішкі нарықты, әсіресе шалғайдағы елді мекендерді көмірмен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Премьер-министр өңірлік операторлардың көмірді бөлу жөніндегі қызметін талдау және басы артық делдалдарды айналып өтіп, әлеуметтік объектілер мен халыққа тікелей өндіру орындарынан отын жеткізудің жаңа тетігін пысықтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ қазақстандық және өзбек инвесторларының қатысуымен екі елдің теміржолдары арқылы жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру мәселелері талқыланды.

Кеңеске Қаржы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, «Қазақстан темір жолы», «QazaqGaz» ұлттық компанияларының және ERG компаниясының басшылары қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Масқара»: Ұлдары органда істейтін қария қарттар үйін паналауға мәжбүр

Үш ұл, бір қызды тәрбиелеген қарт перзенттерінен қайыр жоқ екенін алға тартады
05.02.2023 | 08:40

Дәрігер қатерлі ісіктің негізгі себептерін айтты

Қатерлі ісікке уайым-қайғы да үлкен себеп болады
05.02.2023 | 07:30

Күләш Бәйсейітованың қызы өмірден озды

 83 жасына қараған шағында өмірден өтті. 
05.02.2023 | 06:56

«Елестермен шай ішеміз»: Астанада зират үстіне салынған үйлердің бары рас па?

Мұндай әңгімелер тұрғындардың үйлерін сатуға кедергі 
04.02.2023 | 23:41