Halyq Uni логотип
×

Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтер қалай қайтарылады – премьер-министр тапсырма берді

Қайтарылған қаражат қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға жұмсалады

 Дәурен Ерболат 25.01.2023 | 09:16
Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтер қалай қайтарылады – премьер-министр тапсырма берді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Президент әкімшілігі, Ұлттық банк және Бас прокуратура басшыларының қатысуымен экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Қатысушылар президент алға қойған міндеттерге сәйкес әзірленген елден заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады. Онда активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен шарттарды жою, оларды ерікті түрде қайтаруды ынталандыру немесе мәжбүрлі түрде қайтару бастамасын көтеру және тағы басқа нормалар қарастырылған.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін талдау нәтижесі бойынша активтер туралы арнайы декларацияны тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізілімін құру жоспарланып отыр. Активтердің иесі олардың шығу тегін растай алмаса, негізсіз сатып алынған деп танылады және мемлекет кірісіне айналады. 

Келіп түсетін активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру үшін пайдалану көзделген. 

Үкімет басшысы Әділет министрлігіне айтылған пікірлер мен ескертулерді ескеріп, заң жобасын мұқият пысықтауды жалғастыруды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама