×

Қазақстандық Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды

Ербол Хамитов парашаңғыдан спринт қашықтығында 2:44,23 нәтижемен алтын медаль жеңіп алды

 Халық үні 25.01.2023 | 07:45
Фото: Parasport

Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ербол Хамитов жеңімпаз атанды.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ербол Хамитов парашаңғыдан спринт қашықтығында 2:44,23 нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды.

Украиналық Тарас Рад мәре сызығын екінші болып қиса, бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра қола жүлдеге ие болды.

Бұл – Ербол Хамитовтің осы біріншіліктегі екінші жүлдесі. Ол әлем чемпионатының алғашқы күні парабиатлоннан қола жүлдегер атанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама