Атақты футболшы қамалды: оны айыптаған бойжеткен мән-жайды айтты
львес төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын
«Барселона» мен Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Дани Алвесті зорлады деп айыптаған бойжеткен оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды «Чемпионат».
Оның айтуынша, футболшы оны түнгі клубтардың біріндегі дәретханаға апарған, ол бірден кеткісі келетінін айтқан, бірақ бразилиялық оны жібермеген.
«Мен ол есіктің артында не тұрғанын білмедім, тағы бір VIP-бөлме болады деп ойладым. Қарсы болдым, бірақ ол менен әлдеқайда күшті ғой», - дейді бойжеткен.
Бұған дейін Альвес төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын.
Испанияның «Иә дегеніміз иә» заңына сәйкес жыныстық зорлық-зомбылық үшін төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Альвес кепілсіз қамауға алынды, ал мексикалық «Пумас» клубы онымен келісімшартын бұзды.
Альвес – атақты футболшы. Ол 46 жүлдені жеңіп алды. Бразилиялық мансабының ең сәтті кезеңі «Барселонада» (2008-2016, 2021-2022 жылдар) өтті. Каталондық клуб сапында ол алты рет Испания чемпионы атанды, төрт рет Испания кубогын жеңіп алды, төрт рет ел суперкубогын алды, үш рет Чемпиондар лигасында, УЕФА Суперкубогында және клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.