×

Алматыда өзіне пышақ салған ер адамның жағдайы ауыр

Әлеуметтік желіде ер адамның жерде қансырап жатқан видеосы тарады

 Халық үні 25.01.2023 | 00:47
Фото: profile.ru

Алматыда көлік ұрлап, ұстау кезінде өзіне пышақ салған ер адам ауруханаға ауыр хәлде түсті. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Науқас №7 қалалық клиникалық ауруханаға мойын және іш аймағындағы жарақатпен ауыр халде түсті. Сағат 15:30-дағы жағдай бойынша, науқасқа ота жасалып жатыр»,- деп хабарлады Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы қалалық Полиция департаменті «Ақсай» ықшамауданында ер адам көлік ұрлап, жол апатына түскені туралы мәлімдеген болатын.

Бейнежазбадан ер адамның қанға боялған жерде жатқанын және оны полиция қызметкерлері ұстағанын көруге болады.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, 24 қаңтарда жедел басқару орталығына ер адам қоңырау шалып, белгісіз біреу оның «Дэу» автокөлігін ұрламақ болғанын жеткізді.

Қоңырау шалушы кеңсе пышағымен қаруланған күдіктіні жаяу аңдып келе жатқанын айтқан.

Бірнеше минуттан кейін патрульдік полиция қызметкерлері ер адамға көмекке келді. Артына түскен тәртіп сақшыларынан қашып, жасырынғысы келген күдікті, өзіне пышақ жарақатын салды.

Оны ұстамақ болған кезде күдікті өзіне пышақ сұғып алған.

Әлеуметтік желіде ер адамның жерде қансырап жатқан видеосы тарады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама