Halyq Uni логотип
×

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі сарбаздың өлімі Қазақстан Қарулы Күштеріне қатысы жоқ екенін мәлімдеді

 Халық үні 24.01.2023 | 23:45
Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ustinka.kz

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы шекара бекетінде өз-өзіне қол салған 18 жастағы сарбаздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады.

2022 жылғы тамызда «Шөлдала» шекара заставасында мерзімді қызметін өткерген Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі сарбазының қаза болуына байланысты БАҚ-тың көптеген сауалына бұл жағдайдың ҚР Қарулы Күштеріне қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Қандай да бір мәлімет алу үшін ҚР ҰҚК Шекара қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге ведомство Қазақстан Республикасы күштік құрылымдарының қатарына шақырылған ел азаматтары Қарулы Күштердің бөлімшелерінде ғана емес, Ұлттық ұланның (ІІМ), ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімшелерінде де қызмет атқаратынын ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Жамбылдағы шекара бекетінде қаза тапқан сарбаз өліміне қатысты деректерді жария еткен адвокат Сержан Пралиев жауапқа тартылуы мүмкін екенін хабарлады. Адвокат бес адам арақ ішкенін мәлімдеп, сарбаз өлімне қатысты тың мәліметтерді жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама