Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшылық құрамында өзгерістер болды
Қауымдастыққа қарайтын 6 федерацияның басшылары сайланды
Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығының басшылық құрамында өзгерістер болды. 6 ұлттық спорт түрі бойынша республикалық федерациялардың басшылары сайланды.
Республикалық «Бәйге федерациясы» РҚБ президенті болып «Kusto Group PTE Ltd.» директоралар кеңесінің мүшесі, YPO Kazakhstan мүшесі Қанат Көпбаев сайланды.
«Көкпар» федерациясының президенті болып Қазақстанның құрметті құрылысшысы, «BI Group» компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев сайланды.
«Жамбы ату федерациясы» РҚБ басшысы болып «Alageum Electric» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығы» ЗТБ басқарма басшысы, YPO Kazakhstan мүшесі Еркебұлан Ильясов сайланды.
«Аударыспақ» федерациясының басшысы болып «Atasu Group» компаниялар тобының негізін қалаушысы мен президенті, Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы мен YPO Kazakhstan мүшесі Марат Жұман сайланды.
«Садақ ату» федерациясының президенті болып «Eurasia Copper» директорлар кеңесінің төрағасы, YPO Kazakhstan мүшесі Айдос Мұқатаев сайланды.
«Теңге ілу» ұлттық спорт түрінің федерациясы» РҚБ президенті болып «AlemAgroHolding» ЖШС тең негізін қалаушысы Амангелді Әбдіқадыров сайланды.
Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық спорт қауымдастығы құрамына «Теңге Ілу», «Бәйге», «Жамбы ату», «Аударыспақ», «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Құсбегілік» және «Асық ату» спорт түрлері бойынша 9 ұлттық спорт түрінен республикалық федерациялар кіреді.
Ұлттық спорт қауымдастығының президенті – кәсіпкер, белгілі меценат Исламбек Салжанов.