×

Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Премьер-министр тиісті тапсырмалар берді

 Динара Амантай 24.01.2023 | 17:53
Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Отырысқа қатысушылар орта білім беруді жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыруды, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз, Риддер және Қонаев қалаларында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды, сондай-ақ күре жолдарды реконструкциялау, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі бірқатар жобаны жалғастыру мәселелерін талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр тиісті тапсырмалар берді.

Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі, сондай-ақ Ислам даму банкінің өкілдері қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама