×

Президент Қытаймен арадағы авиациялық құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы заңға қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

 Динара Амантай 24.01.2023 | 17:39
Фото: 7kun.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтық әуе кемелерін авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама