Halyq Uni логотип
×

Жақып Асанов депутат болды

Бұрын ол Жоғарғы сотты басқарды

 Дәурен Ерболат 24.01.2023 | 17:00
Жақып Асанов депутат болды
Фото: gov.kz

Президенттің жарлығымен Сенаттың 10 депутаты тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының жарлығымен Сенат депутаттары болып:

  • Мәулен Әшімбаев;
  • Жақып Асанов;
  • Нұртөре Жүсіп;
  • Ләззат Қалтаева;
  • Асқар Шәкіров;
  • Евгений Больгерт (ҚХА);
  • Закиржан Кузиев (ҚХА);
  • Нурия Ниязова (ҚХА);
  • Алишер Сатвалдиев (ҚХА);
  • Геннадий Шиповских (ҚХА) тағайындалды.

2022 жылғы наурызда мемлекет басшысы Парламент рөлін күшейту мақсатында Сенаттағы президенттік квота 15-тен 10-ға дейін қысқаратынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен төмендегі 9 депутаттың Сенаттағы өкілеттігі тоқтатылды:

  • Владимир Волков;
  • Бақытжан Жұмағұлов;
  • Қайрат Қожамжаров;
  • Мұхтар Құл-Мұхаммед;
  • Талғат Мұсабаев;
  • Дана Нұржігіт;
  • Ләззат Сулеймен;
  • Серікбай Трұмов.
  • Қанатбек Сафинов

Серіктес жаңалықтары

Сараптама