Ресейдің Украинаға басып кірген сарбаздары түгел жойылды –  АҚШ барлау қызметі

Дастан Жұмабекұлы

РФ-ның соғыстағы қаза тапқан адам саны 188 мыңға жетті

фото: ашық дереккөз

АҚШ барлау қызметі былтырғы 24 ақпанда Украинаға басып кірген Ресей армиясы құрамынан бүгінде ешкімнің сапта қалмағанын мәлімдеді. Бұл туралы CNN хабарлады.

Ресейдің Украинадағы соғыстағы қаза тапқан адам саны 188 мыңға жетті, – деп хабарлады CNN АҚШ барлау қызметіне сілтеме жасай отырып.

Телеарнаның мәліметі бойынша, АҚШ соғыста өлтірілген және жарақат алып, саптан шығып қалған РФ жауынгерлерінің мұндай дерегін Оңтүстік Германиядағы Рамштайн әуебазасында 20 қаңтарда өткен НАТО саммитінде одақтастарына жеткізген.

АҚШ штабтар басшылары бірікккен комитетінің бастығы, генерал Марк Милли Ресей армиясының «орасан зор құрбандық» болғанын растады. Ол нақты цифрды атап көрсеткен жоқ. Бірақ қазірдің өзінде адам қазасы «100 мың адам деңгейінен әлдеқайда көп» екенін атап өтті.

Ресей соғыстың алдында Украина шекарасына шамамен 150 мың әскериді шоғырландырды, –  деп мәмілдеді АҚШ Қорғаныс министрлігі.

Оның мәліметі бойынша, кейінірек бұлардың бір бөлігін Украинаға жеткізді. Ал АҚШ-тың ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Майкл Карпентер соғыс ашар алдында Ресейдің Украина шекарасына 169-дан 190 мыңға дейінгі әскери қызметкерді апарып қойғанын айтты. Осылайша, Ресей 24 ақпанның алдында жинап алған әскерінен соғыстың 11 айында өлідей және жарақат алған қалпында түгелдей айырылып қалған.

Былтыр қыркүйекте президент Владимир Путин Ресейде мобилизация жариялады. Украинадағы соғысқа тағы 300 мың әскери қызметкер шақырылды. Қазаннның аяғында Қорғаныс министрлігі президентке 300 мың әскери қызметкерді шақыру жөніндегі тапсырманың орындалғанын мәлім етті. Желтоқсанда Путин шақырылғандардың жартысы соғыс аймағында екенін, олардың 77 мыңы тікелей ұрыс қимылдарына қатысып жатқандарын айтты.

АҚШ барлау қызметінің мәліметіне сәйкес, Ресей шақырылған 300 мың адамның тек 250 мыңын ғана жинай алған болып шықты.