×

Australian Open-2023: Рыбакина бүгінгі жеңісі үшін 288 млн теңге алды

Турнирді ұйымдастырушылар теннисшіге 623 500 долларға чек әзірледі

 Дастан Жұмабекұлы 24.01.2023 | 16:13
фото: ашық дереккөз

Теннисші Елена Рыбакина Австралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open-2023 ашық чемпионатында жартылай финалға шыққаны үшін қомақты ақшалай сыйлық алады. Турнир ұйымдастырушылары оған 623 500 доллар (288 млн теңгеден астам, – ред.) сомаға чек әзірледі.

Егер Рыбакина AusOpen-2023 чемпионатының финалына жетсе, бұл сыйақы екі есеге жуық көбейеді. Оның үстіне отандасымыз қазір Теннистен әйелдер қауымдастығының Live рейтингінде 12-орында тұр.

Теннисші Australian Open-2023 чемпионатын әлемнің 25-ракеткасы ретінде бастаған еді.

Жалпы, Австралияның ашық чемпионатының биылғы жүлде қоры рекордтық көрсеткішке жетіп, 52 млн доллар болды. Әйелдер мен ерлер арасындағы жеке сында чемпиондар 3 миллион АҚШ долларына жуық ақша алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама