×

Белгілі композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды

Арман Дүйсенов 1974 жылы Орал қаласында дүниеге келген

 Халық үні 24.01.2023 | 12:32
Марқұм Арман Дүйсенов

Белгілі композитор, продюсер Арман Дүйсенов өмірден өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов хабарлады.  

«Өзінің қоңыр қалпымен, биязы мінезімен күллі қазақ жұртының, өнер ортасының құрметіне бөленген, мәдениет саласына еңбек сіңірген азамат екенін баршаңыз жақсы білесіздер. Мезгілсіз қаза. Ауыр хабар. Алланың ісіне қылар қайран жоқ...», - деп жазды вице-министр.

Вице-министр марқұмның әулетіне, туған-туыстарына, дос-жарандарына көңіл айтты.

Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. Композитор, тележүргізуші, продюсер. Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама