Halyq Uni логотип
×

Риддердегі тозығы жеткен жалғыз қазақ мектебінің болашағы айтылды

Мектепті жөндеуге 60 млн теңге бөлінеді

 Дәурен Ерболат 24.01.2023 | 12:04
Риддердегі тозығы жеткен жалғыз қазақ мектебінің болашағы айтылды
коллаж: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Үкімет отырысынан соң журналистердің бірқатар сұрағына жауап берді. Өңір басшысы жуырда Риддер қаласындағы «Шаңырақ» қазақ мектебін жөндеуге 60 млн теңге бөлінетінін айтты.

«Риддердің мәселесі маған белгілі. Осы жылы 300 орынға шақталған мектептің құрылысын жобалаймыз. Ендігі жылы жаңа мектепті салуды бастаймыз. Онда оқу тек қазақ тілінде болады. Мен бұл мектепте болдым. Оны жөндеуге 60 млн теңге толық жетеді», - деді өңір басшысы.

Айта кетейік, қалада 16 мектеп бар. Оның 12-сі – орыс мектебі, үшеуі аралас мектеп.

Бұған дейін БАҚ-та Риддердегі жалғыз қазақ мектебінің тозығы жеткені хабарланған еді. «Шаңырақ» мектебінде оқушылар 1936, 1958 жылдары салынған 2 ғимаратта білім алып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама