Полицейлер 19 жастағы жігітті ұстады
Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып, оқиға орнынан жасырынған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 17 қаңтарда Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік даңғылының бойында кешкі уақытта белгісіз автокөліктің жүргізушісі 12 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Opel Astra автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы») және 611-бабы 2-бөлігі («Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұза отырып жол-көлік оқиғасы болған орнын қалдыруы») бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Медициналық тексерістен кейін жасөспірім үйіне қайтарылды.