Рейсті А-319/Е-190/Б-757 типті ұшақтар жасайтын болады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Әзербайжан Республикасының авиация қызметімен бірігіп, «Әзербайжан Хава Йоллары» әуе компаниясының Баку – Астана және Баку – Алматы бағыттары бойынша жолаушылар рейстерін қайта ашу мәселесін талқылады.
Соның нәтижесінде Әзербайжан әуе компаниясы 10 наурыздан бастап Баку – Астана бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен (бейсенбі, сенбі күндері), 11 наурыздан бастап Баку – Алматы бағыты бойынша аптасына екі рет (сәрсенбі, жексенбі күндері) жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейсті А-319/Е-190/Б-757 типті ұшақтар жасайтын болады.
Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.