×

Екі облыстағы жол учаскелері әлі жабық тұр

Көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілген

 Динара Амантай 24.01.2023 | 10:15
Фото: stan.kz

24 қаңтар сағат 10:00-дегі ақпаратқа сәйкес, 2 облыста көрінудің шектелуіне байланысты 2 күре жол учаскесі жабық күйінде қалып отыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Қалбатау ауылынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі аралығы көліктің барлық түрі үшін жабық.

Сонымен бірге, Жетісу облысында «Үшарал-Достық» тасжолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа енгізілген шектеу әлі де сақталып отыр.

Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 320 жол-пайдалану техникасы және 410 маман жұмылдырылды. Бір тәулік ішінде 800 м3 көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама