×

Республикалық тасжолдардың 6 учаскесінде жол жабылды

Көліктің барлық түріне жол жабық

 Халық үні 24.01.2023 | 06:45
фото: ашық дереккөзден

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық тасжолдардың 6 учаскесінде қозғалыс шектелді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Атап айтқанда, Абай облысындағы Қалбатау-Көкпекті ауылдары, сондай-ақ Қалбатау мен Аягөз қаласы арасындағы тіркемесі бар жүк көліктеріне әзір қатынауға рұқсат жоқ. 

Бұдан бөлек, Герасимовка-Семей, Семей-Қалбатау аралығындағы жолдарда да осындай жағдай. Алматы-Өскемен тасжолы бойындағы Қалбатау-Қасым Қайсенов ауылдарының арасымен де тіркемесі бар жүк көліктеріне қатынауға болмайды. 

Жетісу облысында Үшарал-Достық тасжолы мен Көктума-Достық станцияларының аралығында көліктің барлық түріне жол жабық. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама