Алматыда оқушыны өлтіріп кетті
Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр
Алматыда оқушының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, оқушыны өлтіру фактісі Алатау ауданында тіркелген. Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
«Күдікті ұсталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр», - дейді полицейлер.
Айта кетері, осы қылмыс үшін сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.