Halyq Uni логотип
×

Жас мұғалім суицид жасады: Білім басқармасы қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жедел тексеріс шараларын жүргізуде

 Халық үні 23.01.2023 | 19:42
Жас мұғалім суицид жасады: Білім басқармасы қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында суицид жасаған мұғалімге қатысты облыстық білім басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni. 

«Әріптесіміздің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетін болады. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, оның құрамына білім басқармасының, білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің және құқық қорғау органдарының өкілдері енгізілген»,- делінген хабарламада. 

Мектеп директорының берген мәліметі бойынша, қайғылы оқиға болар алдында бірнеше күн бұрын мұғалім науқастанып (аппендицит) аудандық ауруханаға түскен.

«16 қаңтарда денсаулығына байланысты мұғалім жұмысқа келмеді. Келесі күні таңертең мектеп директорына қайғылы оқиға туралы хабар түскен. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жедел тексеріс шараларын жүргізуде. Мектеп жұмысы, ұжымдағы ахуал тексерілетін болады. Осы уақытқа дейін ұстаздар атынан шағым түскен жоқ», - делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама